Жаңалықтар Жергілікті

КҮЙМЕЙТІН КӨЗДЕРДІ…

Отанды қорғау – әрбір азаматтың борышы. Ал, ел ішінде де, үй ішінде тыныштық сақтау мұсылмандық бір міндет.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у тозақ отына екі көздің күймейтінін айтқан. Оның бірі Отанды күзеткендердің көзі.

Бейбіт шерудің соңы қырғынға ұласты. Экстремистік топтары ұрымтал сәтті өздеріне ұтымды пайдаланып кетті.

Салдарынан жай жатқан жұрттан маза қашты. Террористердің адымын аштырмау үшін сақтық шаралары қабылданды.

Қаңтардың 19-на дейін коммендаттық сағат енгізілді. Қала, аудан араларына блок-бекеттер қойылды.

Ордабасы аудандық орталық мешітінен бекетте тұрып ел тыныштығын күзеткен азаматтарға ас берілді. Аудан имамы Айдос Керімбай жамағаттың аманатын өзі табыстады.

Ордабасы аудандық орталық мешіті

Пікір жазу