Жаңалықтар Жергілікті

Үйлі-жайлы болды

Шардара ауылында тағы бір үш балалы жесір ана үйлі-жайлы болды. Игі іске жергілікті мешіт имамы Смат Абдраманов ұйытқы боп, “Шардара” қайырымдылық қорымен бірлесіп сыйлаған баспана.

Елімізде Мүфтияттың ұйымдастыруымен “Ел үлесі – пәтерге”, облыста “Баспанаға жол” акциялары өткізіліп келеді. Мешітке әкеп берген зекет, садақа арнайы комиссияның сараптауынан өткен шын мұқтаждарға қайырымдылыққа және осындай игілікке жұмсалады.

Шардара аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу