Жаңалықтар Жергілікті

ӘЙЕЛДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫСЫН АЙТҚАН ЕДІ

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у: «Егер мұсылман:  жүректі, тілі тек қана Алланы зікір ететін, шыдамды яғни, денесімен ауыртпашылық көтере алатын болса, әрі денесімен, күйеуінің мүлкімен сауда етпейтін әйелі болса, онда ол екі дүниенің де жақсылығына ие болады» деген. Әйелдердің қоғамдағы орнын белгілеп, соңғы құтпасында да ерге Алланың аманатына қиянат қылмауларын айтып қалған жанашыр Пайғамбарымыз с.а.у еді.

Әйелдерден сүйікті Нәбиімізге с.а.у құрмет ерекше болса артықтық етпейді. Бұрынғы бұрымдылар Пайғамбарымыздың с.а.у аты ұмыт қалмасын деп мәуліт оқуды әдетке айналдырған екен.

Әйтеуір “Әу-пірімдеп” болса да, мешіттердегі ұстаздардың ұйымдастыруымен шәкірт қыз-келіншектер Мәуліт мерекелеп келеді. Сондай рухани кештің бірі “Пайғамбарға сағыныш” деген атаумен Шардарада өтті.

Ауданның бас имамы Асылхан Данияров мерекенің маңыздылығына тоқталып, ҚМДБ атынан қыз-келіншектер қауымын құттықтады. Мәуліт оқылып, салауат айтылды.

Мәулітке келген меймандар тағылымды қойылымдарды көздеріне жас алып тамашалады. Салауат айтудан жарысқан мешіт шәкірттеріне бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

Аудандық қыз-келіншектер бөлімінің жетекшісі Сәбира Жаппар мен “Әбу Мансұр Әл-Матруди” мешітінің ұстазы Жәмилә Құранбекке жиналғандар ризашылықтарын білдірді. Мерекелік қонақасы берілді.

Шардара аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу