Жаңалықтар Жергілікті

ӘЙЕЛДЕР ЕДІ…

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у: «Мен Жұмаққа қарағанымда, ол жерден көп жарлыны көрдім. Сосын тозаққа қарадым, ал ондағылардың көбі әйелдер қауымы еді»– деген. Сондай-ақ, Алла Тағаладан кешірім тілеп, тәубе етіп, көп садақа беріп тозақтан сақтануға бұйырған.

Жаббар Иеміз осындай амалдармен де жаһаннамнан жырақтататын болса, атқарған абзал. Садақаның Алланың ашуын қайтаруға, бәлекеттен сақтануға, ауру-сырқаудан сауығуға, күнәлардың кешірілуіне және өмірдің ұзаруына септігі тиеді.

Пайғамбар с.а.у өсиетіне амал ететін ДСАК шәкірттері шамалап көбейіп келеді. Созақ аудандық әйел-қыздар секторы жетекшісінің ұйымдастыруымен қайырымдылық мұқтаждарға көмек көрсетілді.

5 отбасыға 70 мың теңгеге азық-түлік таратылды. Алла Тағала баршасына разы Болсын, сауаптан Жазсын!

Созақ аудандық орталық мешіті

Пікір жазу