Жаңалықтар Жергілікті

ІСКЕ АССА ИГІ…

9 күнде 17 ауданды аралап, 700-дей имамның есебі тыңдалды. Соңғысы болып түркістандықтар тапсырды.

32 мешіттің имамы өз есебін берді. Үш жылда үшінші имам ауысқан қаланың діни ахуалы бір уайым.

Имамы жаңадан тағайындалғандықтан есептен бөлек, алда нақты немен айналысатынына тоқталды. Жоспар ауқымды, жұмыс көп, тек сөзден іске көшіп жүзеге асса игі.

Қала мешіттері үш аумаққа бөлініп, кураторлары сайланған.
Жергілікті ақпараттық насихат тобының құрамы толықтырылып, бақылау Әлібек Журкабаевқа жүктелген.

Облыс имамы Самат Анарбаевтың ұсынысымен рухани тәрбие, дін мен дәстүр бағытына “Алпамыс батыр” мешітінің имамы Бекзатхан Шлекеев жауапты болды. Іс-басқарушысы Мұхаммеджан Естеміров мешіт құжаттарын қайта тіркеуді шұғыл шешу керектігін және 15 тапсырманың тізімін айтты.

Мұнда да сол 5 мешіттің көлемі кеңейтіліп жатыр. Бастысы “Қылует” мешітінің жаңадан салынуы жергілікті жамағатты қуантқан жаңалық болып тұр.

Әлеуметтік желіде аптаның жеті күнінде де онлайн насихат жүргізіліп, қайырымдылық және зекет бойынша көрсеткіштері жоғары. ЖАНТ бойынша жалпы кездесулердің кестесі түзіп, тақырыптарын бекіту тапсырылды.

Киім үлгісіне келетін болсақ, 30 имамның шапан, сәлдесіне жаңадан тапсырыс берілген. Түркістан облыстың орталығы болғандықтан, имамдары жан-жақты әрі салмақты элита болуы керек.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов өңірде дін біліміне аса мән берілетінін айтты. Төралқа мәжілісінде біраз мәселе талқыланып, есеп сәтті тапсырылды.

Еркебұлан Ыбрайымұлы қала имамдарына ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Мұхаммеджан Жұмаділлаевқа Х Республикалық Құран жарысына сіңірген еңбегі үшін ҚМДБ Төрағасының алғыс хаты берілді.

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу