Жаңалықтар Жергілікті

ІС-БАСҚАРУШЫ ІСКЕ КІРІСТІ…

ҚМДБ Төрағасының бұйрығымен Мұхаммеджан Естеміров Түркістан облыстық өкілдігінің іс-басқарушысы қызметіне кірісті. Жаңа тағайындаумен облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов таныстырды.

Орта кәсіби мамандығы бойынша – имам хатиб. Жоғарғы оқу орнында дін және тарих факультетін тәмамдаған, т.ғ.магистрі.

Әр жылдары бас имамның көмекшісі, наиб имам, іс-басқарушысы, тіпті тілшілік те қызмет атқарған. Ол бұл орынға Шымкент қалалық мешітінен ауыстырылды.

Үйленген, 6 ұл, 1 қызы бар. Мұхаммеджан Естеміров ұжым құрамына да, аудан-қала имамдарына да арнайы таныстырылды.

Еркебұлан Қарақұлов жаңа іс-басқарушысына сенім білдіріп, сәттілік тіледі. Алла Тағала қызметін дінге қайырлы Қылсын!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу