18.5 C
Turkestan
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Имандылықтан жақсы жол таппайсың

Қасиетті Құранда жақсылықтың бəрі Алладан, жамандық адамның күнəсінің салдарынан болатыны баяндалған. Иманды жан күнəдан тартыншақтап жүреді. Күнəһар болу үшін қылмыскер болу шарт емес. Аңдамай сөйлеу де бір күнə. Күнəнің көбеюі имансыздыққа жеткізеді.

Адам баласы үшін имандылықтан жақсы жол жоқ. Дініміз де, дəстүріміз де адамзатты имандылыққа шақырады. Иман мықты болса, жайлы өмір де тұрақты болады.

Имамдар имандылықты үйретуден жалықпайды. Осы мақсатта Түркістан қаласындағы “Алпамыс батыр” мешітінің жамағатына “Яссы” мешітінің бас имамы Берік Дəриев уағыз айтты. Бұл əдіс имамдардың тəжірибе алмасуына сеп əрі жамағатты жалықтырмайды.

Алдымен “Алла ризашылығы үшін не сауап жасадың?”,- дегендейін сауал тасталды. Жамағат өз жауаптарын айтып, пікір-алмасу қызықты болды.

Жамағатқа арналып жайылған “ихсан” дастарханына қымыз, қаймақ, ірімшік сияқты ағарған дəм ұсынылды. Имамдар мен жамағат арасында əдемі рухани əңгіме өрбіді.

Түркістан қалалық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Бейбітшілікті бағалай білейік!

Yassi.kz

Ұлыстың татутылықты арттыратын ұлы күні!

Yassi.kz

Ауданаралық Құран жарысы өтті

Yassi.kz

Пікір қалдыру