Жаңалықтар Жергілікті

ИМАНДЫЛЫҚТА БЕРЕКЕ БАР

“Дін ұстай алсаң – қасиетің…” деп текке айтылмаған. Имандылыққа бет бұрған жан Алла Тағаланың барлық нығметін сезеді.

Жаратқан Жаббар Иеміз иман келтірген пенделерін жақсы көреді. “Әлмисақтан мұсылманмын” деп ауызша айтып қоя салмай, тақуалықты арттырып имандылықты жүрекке бекітсек игі.

Иманды момын береке табады. Құранды мағынасын түсініп оқысаңыз, екі дүниеде де бақытқа кенелуге болатынына көз жеткізесіз.

Ал, дұға етсеңіз Рахман Иеміздің рақымы мен рақметіне бөленесіз. Бір Алладан сұраған алақан бос қалмайды.

Шариғат шарттарын орындап жүрсеңіз, тіршілік реттеледі. Көркем мінезді болсаңыз, жәннаттық боласыз.

Бұл игілік пен ізгіліктің бәріне жету үшін адамдарға білім керек. Ілім үйренудің де жөні бар.

Имандылықты мешітке келіп үйрену керек. Алланың үйіне келген жан сенімнен адаспайды.

Облыстың бас имамы Мұсабек Ақтамберді “Түлкібас ата” мешітінде осы тақырыпта Құптан уағызын айтуда. Мұнда кешкі намаздан кейін дәріс өткізіліп жүр.

Түлкібас аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу