Жаңалықтар Жергілікті

Имамдарға қосымша міндет…

Жетісайдағы орталық «Нұғман» мешітінде аудан имамдарының жиын өтті. Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер талқы түсті.

Ауданың бас имамы Бекзат Сыздықов ең алдымен Рамазан айындағы қайырымдылық шараларын жандандыру мен тазалық шараларын апта сайын ұйымдастыру жайына тоқталды. АТК және ЖАНТ кездесулерін нақтылау және белгіленген кесте бойынша жұмыс істеуді тапсырды.

Биылға қосылған қосымша міндеттің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік мекемелерде, ауыл әкімшіліктерінде, ауыл тұрғындарына түсіндірме жүргізу болды. Бұл өскелең ұрпақты парақорлықтан сақтандыру үшін жасалған қадам.

Ішкі тәртіп бойынша апталық есепте 4 бағытты толық қамтып тапсыру, сол сияқты тоқсандық қорытындыға осы бастан дайындық жүргізіп, электронды нұсқаларын әзірлеу, Рамазан айында өткізілетін тарауиқ, ауызашар және өзге де қайырымдылық шараларының есебін әр сәрсенбі күні орталық мешітке өткізу жүктелді.

Бас имам әріптестерін мешіттерде қызметтік этиканы сақтауға, жамағатпен берік қатынас орнатуға шақырды. Тірлікке сәттілік, тіршілікке береке тіледі.

Жетісай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу