Жаңалықтар Жергілікті

ИМАМДАР МЕН ЖАМАҒАТТАРДАН…

Облыс имамының тапсырмасымен өңір бойынша жамағаттар бірігіп қуаңшылыққа тап болған екі облысқа жем-шөп жөнелтіп жатыр. Барлық аудандардан теміржол тасымалына арналған орындарға жиналды.

Ыңғайына қарай көлікке тиеп жібергендері де бар. Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына мешіттерден жалпы 5 мың пресс шөп, 500 қап жем жиналды.

Ертең мың пресс шөп Сарыағаштан Қызылордаға жеткізіледі. Бүгін Сайрамдағы орталықтан 1000 пресс Маңғыстауға, 700 пресс Аралға аттандырылды.

Қызылорда мен Аралға жалпы 1700 пресс шөп пен жем бағытталды. Көмектің көбі Маңғыстауға бөлінді.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов игі іске ұйытқы болған имамдар мен жақсылыққа жұмылған жер-жердегі жамағаттарға ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, сауаптан Жазсын, бақ-береке Берсін!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу