Жаңалықтар Жергілікті

ЕРКЕЛЕТСЕҢІЗ…

Ел аузында “еркек те бір тентегің, еркелетсең бала сияқты еркелейді” дегендей сөз бар. Иә, ерлі-зайыптылардың бір-бірін еркелетуі сүннет.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у Айша р.а анамыздың кесеге еріні тиген жерден су ішкен. Екеуі жарысып ойнаған да, аракідік әзілдескен де.

Шариғат некелі жұбайлар арасында романтикаға да рұқсат етеді. Ер мен әйелдің бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін арттыратын амалдардың барлығына рұқсат бар.

Алла Тағала қасиетті Құранда ер азаматтарды әйелдерге басшы етіп белгілеген. Бұл ердің әйелді езуі немесе әйелдің еріне көкірек керуі деген сөз емес.

Отағасы отбасының егесі, отанасы ошақ-қасының иесі. Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у екі жақты да бейбіт мәміледе болуға шақырған.

Еріңізді еркелетсеңіз еркесі боласыз. Көңілін тапсаңыз, жәннат кепіл.

Шын мәнінде әйел мұсылмандық міндеттерімен бірге ерінің айтқанын орындап, ризашылығын алса, жәннаттың қалаған есігінен кіреді. Сондықтан ханымдарды ер көңілін табуға шақырамыз.

“Әйел әдемі әдебімен” жобасының аясында қыз-келіншектерге қайырлы әрекеттердің барлығы дәріптеледі. Дін мен дәстүр сабақтастырылып айтылып келеді.

Кезекті кездесу Қарашық ауылдық мешітінде өтті. Жиылған ханымдар ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, келесі кездесуді асыға күтетіндерін жеткізді.

Бұйырса, әр ай сайын тұрақты сұхбат өткізу жоспарда бар. Алла Тағала мешітке келгендердің баршасына разы Болсын, сауаптан Жазсын!

Сауран аудандық орталық мешіті

Пікір жазу