Жаңалықтар Жергілікті

Екі түрлі сайыс…

Монтайтас ауылдық мешітінде бір күнде екі түрлі жарыс өтті. Арыс қаласына қарасты мешіттердің діни сауат ашу курстарында оқып жүрген шәкірттер Құран мен азан жарысына түсті.

Үміткерлер Құранның бір, жарты парасы мен он бес сүресін жатқа оқудан бақ сынасты. Білім сайысын “Монтайтас” мешітінің имамы Айтуған Қаржауов пен орталық мешіттің Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Қанат Садыбаев ұйымдастырды.

Ал, жарысқа Б.Оңтаев атындағы мектепті 20 жыл бұрын бітірген Монтайтастың 1982 жылғы тумалары демеушілік етті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді. Алла Тағала разы болсын, мол сауаптан жазсын!


Арыс қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу