Жаңалықтар Жергілікті

ЕКІ ЕТКІЗБЕЙ…

ҚМДБ тапсырмаларын екі еткізбей орындау керек. Жұмыс бағыты жетеуге ұзарғалы қашан?

Бастамаларды жүзеге асыру үшін уақыт пен жоспарды жүйелеу керек. Бір имамның басында 45 діни рәсімді атқару міндеті болса, ҚМДБ және өкілдік тапсырмалары ортақ игілік үшін екенін еске саламыз.

Жыл соңына таяды. Кей аудандарда көп іс ақсап жатыр.

ЖАНТ, діни оңалту, онлайн уағыз, рухани тәрбиені дәріптеу, тұлғалық келбет пен мешіт құжаттарын реттеу өзектілігін жоймайды. Сондықтан тиянақты орындау керек.

Арыс қаласының имамдарымен өткен жиналыста жылдық есепке дайындық барысы да талқыланды. Әдеп пен тәртіп, дін қызметкерлері арасындағы ауызбіршілік сөз болды.

Қала имамы Қажымұқан Қазыбаев әріптестерін әрбір іске жауапкершілікпен қарауға шақырды. Дін қызметі Алланың аманаты екені ескертілді.

Арыс қалалық орталық мешіті

Пікір жазу