Жаңалықтар Жергілікті

ЕКІ АКЦИЯНЫ ҚАТАР ӨТКІЗДІ…

Республика бойынша өтіп жатқан “Біз біргеміз!” және “Жүрек жылу” акцияларынан мешіт имамдары мен жамағаттары шет қалып жатқан жоқ. Тірегі мен тілегі бір жомарттар бірігіп карантин басталғалы көмек көрсетумен келеді.

“Н.Төреқұлов” мешітінде екі бірдей акцияның аясында қайырымдылық шарасы өтті. “Жүрек жылуы” шеңберінде жетім-жесір 30 отбасыға азық-түлік, көкөніс берілді.

Әр әлеуметтік пакетке 15 мың теңгеден жұмсалды. Мешіт имамы көмекті мұқтаж отбасылардың үйлеріне өзі апарып берді.

Сондай-ақ, “Біз біргеміз!” ұранымен имамдар Түркістан қаласының төрт қақпасында күндіз-түні жұмыс істеп тұрған блок-бекеттерге тағы да барды. 200 адамға Наурыз көже мен бауырсақ таратылды.

Игі іске ұйытқы болған мешіт имамы Мұхаммеджан Жұмаділлаев жақсылық жасауда жәрдемін аямаған жамағаттарға ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, берекесін Берсін!


Түркістан қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу