Жаңалықтар Жергілікті

ЕҢБЕК ЕЛЕНІП…

Дін – ауызбіршілікке, адамгершілікке, жақсылыққа үгіттейтін сенім. Мұсылманшылықта жаугершілікке жол жоқ, бейбітшілікке мархабат.

Алла Тағала қасиетті Құранда кітап иелерімен тату тұрып, жалпы адамзатты ынтымақтастықта өмір сүруге бұйырған. Жер бетінде тыныштық сақтауға міндеттіміз.

Рухани келісім күніне орай, облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов ҚР АҚДМ Дін істері Комитетінің алғыс хатымен марапатталды. Өңірде діни тұрақтылық пен ұлтаралық келісім сақтауға қосып жүрген еңбек еленді.

Сол сияқты барлық аудан-қала имамдары да жергілікті әкімдердің алғыс хатына ие болды. Ел аман, жұрт тыныш, дін қуатты болсын!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу