Жаңалықтар Жергілікті

ДІНДЕ НЕ БАР?

“Дінде не бар?”- дейтіндер, дінге келіп көрсін. Дінде жақсылық, бақыт, игілік, ізгіліктен басқа ешнәрсе жоқ.

Дінді дұрыс ұстана білген адам қайырын көреді. Дұрыс ұстанбайтындар адасып жүреді.

Сондықтан діннен шошынып, безінудің қажеті жоқ. Мәселе тура жолды табуда.

Өкінішке қарай “тура жол – анда-мұнда” деп алдайтындар азаймай тұр. Ондайлар діннен бейхабар адамдарды діннің атын жамылып, қатарына қосып алады.

Шардарада ЖАНТ бойынша бірнеше мекемеде жалпы кездесу өтті. Егізқұм, Достық, Ақалтын, Қызылқұм, Сүткент ауылдары мен Шардара қаласындағы мектептер мен мәдениет үйінің ұжымдары қамтылды.

Аудан имамы Марат Асанов, наиб имам Асылхан Данияров, қала имамы Абдіжаппар Тілләбай ауылдарды аралап, дін мен дәстүрдің сабақтастығын, елге қызмет етудің, білім алудың абзалдығын насихаттады. Кездесулерде аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Арапбек Алибеков ЖАНТ тобын бастап жүрді.

Шардара аудандық орталық мешіті

Пікір жазу