Жаңалықтар Жергілікті

ДІН – НАСИХАТ…

Имамдардың бірінші міндеті – дінді насихаттау. Бұл Алланың әмірі.

Қазір жай мешітті күзетіп келіп-кететіндерді жамағат қаламайды. Уақыт өткен сайын ілім ізденушілер көбейіп келеді.

Сондықтан дін қызметкерлері өз ісіне жүрдім-бардым қарамауы тиіс. Қызметтің де сұрауы барын ұмытпау керек.

Ихсан ілімін насихаттау үшін амал етуді имамдардан бастау қажет. Осы мақсатта облыста танымдық семинарлар өтіп жатыр.

Арыста да жалғасын тапты. Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов ҚМДБ 7 бағытына жеке-жеке тоқталып, діни ахуалды оңалту мен рухани тәрбиені жаңғырту басты мақсат екенін атап өтті.

Облыстың наиб имамы Самат Анарбаев Ихсан ілімін дәріптеп, тәтпіштеп түсіндірді. Сондай-ақ, тәртіптік кеңес пен жұмысшы топтың мүддесін айтты.

Арыс қалалық орталық мешіті

Пікір жазу