Жаңалықтар Жергілікті

Дəстүр жаңғырды…

Бүгін рухани жаңғырған күн болды. Сарыағаш аудандық кітапханасында дін мен дəстүрдің сабақтастығы зерделейтін мəдени шара өтті. Ауданның Бас имамы Тұрлыбек Төлебеков тал бесіктен – жер бесікке шейін атқарылатын амалдарды баяндап берді.

Жаңа туған баланың құлағына азан шақырып, дені түзу ат қою – дəстүрде де, дінде де бар рәсім екені айтылып, іс жүзінде көрсетілді де.

Ақ əжелер ауылдың алты ауызынан айтып, ұмыт бола бастаған əдет-ғұрыптарды еске салды. Ұлт дəстүрін ұмытпай, имандылыққа жақын жүруге шақырды.

Рухани кеш соңында Наурыз батасы берілді. Бас имам кітапхана қызметкеріне “Дін мен дəстүр” кітабын сыйға тартты.

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу