Жаңалықтар Жергілікті

ДҰРЫС ТАНЫСА…

Ұстаздар білім беруі және міндетсінбеуі тиіс. Ал, шәкірттерге оқу – міндет.

Діни, дүнәуи білім алу – баршаға бірдей парыз. Дінді дұрыс үйретпесе, бәрі бұрыс болады.

Балаларға берілетін тәрбие басы – имандылық болғаны абзал. Өкінішке қарай, мұны көптеген ата-аналар ескере бермейді.

“Мектептерге имандылық сабақтары енгізілсе” деген талап-тілек жоқ емес. Өйткені имандылық адамгершілікке, адалдыққа, мәдениеттілікке, әдептілікке, мейірімділікке, әділдікке, сыйластыққа, білім мен ғылымға жетелейтін мектеп.

Мектептерде жалпы дін тану сабақтары өткізіледі. Қауіп дін атын жамылған ағымдар мен секталардан төніп тұр.

Азаматтар адаспас үшін алдымен діни сауат ашу курстарында оқып алса игі еді. Бір кісідей ілімі бар жастар ешкімге қиянат қылмайды.

Ата-аналардың талап-тілегін тек мешіттерде орындай аламыз. Ал, мектепте жалпы білім беріледі.

Десе де мектептерде имамдармен ашық сұхбат ұйымдастыру ұстаздар мен ата-аналарға да, балаларға пайдалы болады. Өйткені ұрпақ тәрбиесіне қатысты сын-ескертпе өте көп.

Төлебиде “Дінтану” пәнінің мұғалімдерімен “Бала тәрбиесінің ең басты қайнар бұлағы – имандылық” атты семинар өтті. Бұл басқасу мұғалімдер мен имамдар, теологтар арасында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Аудан имамы Үсен Сауырбаев, “Үш ата” мешіті Жандарбек Жаппаров, теолог Аңсар Құрманәлиевтер қатысып, өз ойларын ортаға салды. Дін тану ісіндегі маңызды мәселелер талқыланды.

Төлеби аудандық орталық мешіті

Пікір жазу