Жаңалықтар Жергілікті

ДӘРІПТЕП ҚАЙТТЫ…

Түлкібас ауданында рухани тәрбиені жаңғырту әрі дәріптеу мақсатында облыстың наиб имамы бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Самат Анарбаев аудан әкімінің орынбасары Ерлан Күзенбаевпен жүздесті.

Тараптар діни ахуалды оңалту мен руханиятты ояту төңірегінде әңгіме өрбітті. Аудан әкімінің орынбасары жергілікті дін қызметкерлеріне қашанда қолдау білдіретінін жеткізді.

Сондай-ақ, Самат Анарбаев аудандық жастар орталығы ұжымымен де сұхбаттасты. Бірлесіп атқаратын жұмыстар талқыланды.

Орталық басшылығы имамдарға ризашылығын білдіріп, ел игілігі үшін қызмет етуге пейіл танытты. Алла Тағала баршасына сәттілігін Берсін!

Түлкібас аудандық орталық мешіті

Пікір жазу