22.5 C
Turkestan
Сенбі / 25 Мамыр 2019 / 20 Рамазан 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сенбі / 25 Мамыр 2019 / 20 Рамазан 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Биыл да жалғасын тапты…

Төлеби ауданында бас имамның бастамасымен Рамазанда ауызашар және Мәулітте шүкіршілік дастарханын жаю дәстүрге айналған. Бұл істі Алла Тағаланың разылығы үшін кәсіпкерлер атқарып келеді.

Сауаптар еселенетін қасиетті айда ауызашар беру – қайырлы амалдың бірі. Ауданға қарасты 13 ауылдық округте бұл мәселе түгел шешімін тапты.

Самат Анарбаев Кемеқалған округіндегі Ақбастау мешітінің имамы Әбдімомын Тоқтақұловтың арнайы шақыруымен сыйлы қонақ болды. Жергілікті жамағатпен бірге ауызашарда дәм татты.

Тарауиқ намазының алдында Рамазан нығметі, кішінің үлкенге құрметі, ата-ананың қадірі, қонақ күтудің хикметі, баталы ақсақал, ақылды ене әдепті келін, мектеп және отбасыдағы бала тәрбиесі жайында насихат айтты. Ауыл жастарымен мешіт, медресе, сауат ашу курстарын ашу, Құран жаттау төңірегінде әңгімелесті.

Биыл Ақбастау мешітіне ауыл жастары жиналып, ас, ауызашар, құдайы өткізуге арнап 250 орындық бастырма салып берді. Жаратқан Жаббар Иеміз мешітке көмектесіп, ауызашар беріп те жатқан жомарт жандардың баршасына разы болсын, берекесін берсін!

Төлеби аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Бәрі ораза…

Yassi.kz

Мешіт салына бастады

Yassi.kz

Насихатқа құлақ асып…

Yassi.kz

Пікір қалдыру