Жаңалықтар Жергілікті

БІР СҮРІНГЕН СОҢ…

Ордабасы ауданының имамдары есеп-қисаптан әбден сүрінген-ді. Бас есепшісі қызметтен босатылып, жаңасын 3 ай сынақ мерзімімен қабылдауға кеңес берілді.

Бадам ауылдық округіндегі “Дербес әлі” мешітіне жаңадан имам тағайындау тапсырылды. Жалпы 4 мешіттің имамын ауыстыру керек.

Облыстың бас имамы Мұсабек Ақтамберді имамдарға таразының басын тең ұстап, барлық бағыт бойынша бірдей жұмыс істеу керектігін ескертті. Өкілдік тарапынан Бастарбек Әшірбайға шариғат және пәтуа, діни оңалту бойынша ауданның ақсап тұрғаны айтылды.

Бір сүрінген соң, екінші рет қамшы салдырмау керек. Ал, біз сыннан мін түзеудің орнына шаң жуытпай жылы жауып қою салуға ұстамыз делінді.

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу