Жаңалықтар Жергілікті

БІР БАЛАҒА…

Қазір жаңа оқу жылына дайындық жүріп жатыр. Имамдар да жылдағы әдеттен жаңылмай “Мектепке жол” акциясын бастап жіберді.

Жетісайда 15 мешіттен 250 балаға оқу құралдары тарту етілді. Қайырымдылыққа 1 млн 500 мың теңге жиналып, бір балаға 6 мың теңгеден жұмсалды.

Аудан имамы Жорабай Дулатбаев балаларға білім алудың пайдасын айтып, оқуға жәрдем берген жамағаттарға ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, қайырын Берсін!

Жетісай аудандық орталық мешіті

Пікір жазу