Жаңалықтар Жергілікті

БЕС АСЫЛҒА…

Алла Тағала қасиетті Құранда жер бетінде бейбітшілік сақтауға, аманатқа қиянат қылмауға бұйырған. Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у “Отанды сүю – иманнан” деген.

Ұлт зиялылары елге қызмет ету білім, тәрбие, мінезден екенін айтқан. Олардың өн бойында имандылық та, көркем мінез де болған.

Сондай қиын-қыстау кезеңде де, ұлтқа қызмет етіп кеткен. Яки, ғылым мен білімге мән берген.

Олардың бір күндік асы болса, көпшілікпен бөліскен. Әрқайсысы ел дамуына үлес қосқан.

Отанға ұрлық, бұзақылық, мастықпен емес, адал еңбек пен әділдікпен қызмет ету керек. Әр азамат осы елдің бір тетігін түзеп, бір кірпіші болып қалануы тиіс.

Абайша айтқанда талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сияқты бес асылға ұмтылып, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ сықылды бес дұшпаннан аулақ болған абзал. Ғылым-білім бар жұрттар, әсіре табысқа жетеді.

Алла Тағала адамзатты әуелі құлшылық, сосын адал тіршілік ету үшін жаратты. Сондықтан оқуды ыждағаттылықпен оқып, ата-ананы қадірлеп, отбасын асырап, елге еңбек еткен игі.

Бақ – ынтымақты елге қонады. Үйде де, түзде де ұрыс-керіс болмай, тыныштық сақталса, тіршілік берекелі болады.

Соғыс бар жерде қара суды қайғысыз ішудің өзі мұңға айналады. Амандықпен атқан әр таңға, тыныштықпен өткен әр күнге шүкіршілік ету бір міндет.

“Раң” мешітінің имамы Сұлтанбек Шәйменов ауыл жастарымен жүздесті. Әңгіме барысында имандылық, қайырымдылық, дін мен дәстүр, ынтымақ-бірлік тақырыптары қамтылды.

Созақ аудандық орталық мешіті

Пікір жазу