Ел іші Жаңалықтар

БАС МҮФТИ БАТЫР АНАҒА ПƏТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жасаған іс-сапары аясында Тараз қаласында күміс, алтын алқа иесі, жалғызбасты, сегіз баланың анасы Айгүл Əмірееваға пəтер кілтін табыстады.
“Құтты қоныс болсын. Алла Тағала осы шаңырақтың ішін жақсылық пен берекеге толтырғай”, – деп дұға жасады Бас мүфти.
Батыр ана жомарт жандарға алғысы мен жүрекжарды тілегін жеткізді.
Айта кетейік, жаңа пəтер  “Зекет” қорының ұйытқы болуымен, демеуші азаматтардың қолдауымен сатып алынған.

Пікір жазу