Жаңалықтар Жергілікті

БАНАН, СГУЩЕНКАСЫМЕН…

Кейде кейбір адамдар мешіттен “сгущенка”, “тушенка”, “шпрот” сұрап келіп, қызық қылады. Имамдар ұйымдастырып жомарттар жәрдемдеспесе, жай садақаның өзі де жоқ болатынын түсіне бермейді.

Шүкіршілік, әйтеуір көпшіліктің көлдей көмегімен, мұқтаждарға бұйырғаны жетіп жатыр. Рамазан сыйын тарату Сайрам ауданында күнде жүргізіліп келеді.

100 отбасыға 1 млн 500 мың теңгеге азық-түлік пен жеміс-жидек, көкөніс берілді. Әр қорапқа қоса банан, алма, бір-бір лоток жұмыртқа үлестірілді.

Ауданның бас имамы Сейдахмет Темірбек демеушілерге ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, берекесі мен қайырын Берсін!

Сайрам аудандық орталық мешіті

Пікір жазу