18.5 C
Turkestan
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Бала тəрбиесі – бас ауыртарлық мəселе…

Бала тəрбиесіне бас ауыртпай, телефонмен жұбата салатын ата-аналар енді өкініп жүр. Əлеуметтік зерттеулер балалардың ерте жастан күйзеліске ұшырауы мен бұзақылыққа баруларын ғаламтордағы əлем-жəлем əлемнің əсер ететінін көрсетеді.

Бесіктегі нəрестесін телефонның ықпалына бере салатын əке-шешелер өз жауапкершіліктерін тек қана ақша мен тамағын тауып, бағып-қақса болдымен шектейді. Қоғамның да, Құдайдың да алдында бірінші кезекте перзентінің тəрбиесі үшін жауапты екенін ұмытпауы тиіс.

Біреудің тəртіпсіз баласына бола не үшін басқаның баласы опық жеп, мұғалім жылап, қоғам қынжылуы қалуы керек? Əрбір ата-ана перзент тəрбиесін қолға алмайынша, бұл мəселе оңалмайды.

Кентау қаласы Нұртас ауылдық мектебінде өткен жиында қатысушылар осындай ойларын айтты. Оқушылар мен ата-аналарға “пайдаң да тимесін, зияның да тимесін” деген бабалар өсиетін еске салды.

Ауыл имамы Жексенбек Нуршилов бала жақсы болу үшін титтейінен телефон мен компьютерге тəуелді етпей, бос уақытында “діни сауат ашу” курстарындағы имандылық сабақтарына шақырды. Имамдар ата-ананы құрметтеуден бастап, бір əріп үйреткен ұстаздарына өмір бойы сəлемінің түзу болуын насихатпен-ақ жас санаға сіңіріп беретінін айтты.

Бұзақылық – қылмыс. Қылмыс түбі – жаза. Әр жаман істен өмір бойына бір із қалатынын, ол кезде өкінгенмен кеш болатынын ашына жеткізді, имам.

 

Кентау қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Бейбітшілікті бағалай білейік!

Yassi.kz

Ұлыстың татутылықты арттыратын ұлы күні!

Yassi.kz

Ауданаралық Құран жарысы өтті

Yassi.kz

Пікір қалдыру