Жаңалықтар Жергілікті

БАЙЛАНЫСҚА ШЫҚПАЙДЫ…

Көтере алмайтын жүкті көтеріп не керек? Отырар ауданының имамы сын астында қалды.

Есеп бермейді, байланысқа шықпайды. Бөлім меңгерушілері сан сауалға жауап ала алмайды.

Ауданда халал даму жоқ. Зекет жетекшісі ғана белсенді жұмыс істеп жатыр.

Жат ағым жақтастары бар болғанымен, олармен байланыс орнатылмаған. Аудан имамы тізімін ала алмай жүргенін айтып ақталды.

Мұсабек Ақтамберді Серғали Байниязовтың жұмысына қанағаттанарлықсыз деген баға берді. Діннің лайықты қызметкеріне сай болуға шақырды.

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу