Жаңалықтар Жергілікті

БҮГІН АЯҚТАЛДЫ…

Түркістанда облыстық өкілдіктің ұйытқы болуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кіші футболдан турнир өтті. Екі жарым айға созылған ойын бүгін аяқталды.

Жалпы 12 команда қатысып, үшеуі жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда:

І орын – “Ықылас” мешіті;

ІІ орын – “Тұяқбай ата” мешіті;

ІІІ орын – “Жұмат ата” мешітінің командасы жеңіп шықты.

Облыс имамы марапаттау рәсіміне қатысты. Еркебұлан Қарақұлов ойынның жамағаттар арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.

Еркебұлан Ыбрайымұлы жалпы қатысушыларға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта ойынның жалғасын табатынын мәлімдеді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, ауызбіршіліктерін Арттырсын!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу