Жаңалықтар Жергілікті

Қазығұрт: АРМАН ҚУАНЫШБАЕВПЕН ҚАУЫШТЫ

Елге белгілі ұстаз Арман Қуанышбаевтың Түркістан облысында да тыңдаушысы көп. Алайда, өңірдің жамағатымен жүздесудің реті келе бермейді.

Бір жиылса, мешіттердің іші-сыртында ине шаншар орын қалмайды. Бүгін Қазығұрт аудандық орталық мешітінде РАНТ мүшесі Жұма уағызын айтты.

Арман Қуанышбаев кейінгі кездері жала жабу, кісінің айыбын ашу, өз күнәсін жария етудің кең етек жайғанына тоқталды. Оның бәрі ауыр күнә екенін ескертті.

Алла Тағаланың бізге берген ақылы мен тіл нығметтерін ілім-білім, пайдалы іске жұмсауға шақырды. Алғаш рет қауышып отырған Арман Қуанышбаевпен Жұмадағы жүздесу үшін жамағат алғыстарын айтып қалды.

Қазығұрт аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу