Жаңалықтар Жергілікті

ҒАЖАП КІТАПТЫ ОҚЫҒАНДЫ ҚҰРМЕТТЕДІ…

Құран – Хақ Тағаланың исі мұсылманға түсірген шексіз сыйы. Құран әрі тура жолды нұсқаушы, өмір сүру ережесі мен бақытқа жетелейтін ғажап кітап.

Алла Тағала Құран оқитын құлдарын ерекше жақсы көреді. Екі дүниеде де сыйын береді.

Қасиетті Құранда Алла Тағала: “Әй, адам баласы! Сендерге Раббыларыңнан дәлел келді. Сондай-ақ сендер үшін бір ашық нұр (Құран) түсірдік. Ал енді Аллаға сеніп, Оған жабысқандарды өз тарапынан мәрхамет және ілтипатқа бөлейді де, өзіне баратын тура жолға салады”,- дейді. Сондай-ақ, тағы бір аятта: “Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы-жаманды айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары”,- делінген.

Құранның кереметін шын ықыласпен жиі оқитын адамдар сезеді әрі қайырын көреді. Өйткені Құран оқушы жан Раббысымен тікелей сұхбаттасады.

Ал, балаңыз қари болса, жәннатқа тәж дайын дей беріңіз. Алла Тағаланың алдында Құран жаттап, оған амал қылған құл жақсы.

Шүкіршілік елімізде қарилар көбейіп келеді. Олардың барлығы дерлік мешіт қабырғасында Құран әліппесін үйреніп, жартылай жаттаған.

Сондай шәкіртіміздің бірі Нұрислам Ақболатұлы. Ол қазір “Ықылас” қарилар даярлау орталығының студенті.

Жетісай аудандық мешітінің атынан ай бойы тікелей эфирде Құран қатым түсірді. Ауданның Бас имамы Бекзат Сыздықов бастаған имамдармен қатым батасын қайырды.

Дұға соңынан жас қариға құрмет көрсетілді. Аудан имамы ризашылығын білдірір, жамағаттың сыйақысын табыстады.

Жетісайдың жайсаң жұртын имамдар Ораза айтымен құттықтайды. Алла Тағала баршасына Рамазан айының қайырын Берсін!

Жетісай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу