Жаңалықтар Жергілікті

Ауызбіршілікті арттырған ойын

Кентау қаласындағы мешіт қызметкерлері мен жамағатынан 8 топ құралып, жасыл алаңда кездесті. Ойын тартысты өтті.

Үлкендердің қызық ойынын балалар тамашалады. Қаланың бас имамы Ғалымжан Айекеев те футболға қатынасты.

Наурыздық демалыста ұйымдастырылған əдемі ойын болды. Жамағаттар да бір-бірімен танысып, арақатынастың аясы кеңейіп қалды.

Нәтижесінде, 1-орын “Иман нұры”, 2-орын Кентау қалалық орталық мешітіне, ал 3-орын “Дербісәлі” мешітінің командаларына бұйырды. Қатысушыларға арнайы диплом, жеңімпаздарға кубок табысталды.

Кентау қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу