Жаңалықтар Жергілікті

АУЫЗБІРШІЛІК ҮШІН…

Жетісайда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Мәуліт мерекесіне орай кіші футболдан кішігірім турнир өтті. Әлбетте мұндай ойындар имамдар мен жамағат арасында ең алдымен ауызбіршілікті арттыру үшін ұйымдастырылады.

Бұл жолы достық ойынына “Нұр-Жетісай” мешітінің имамы Абдурахман Нұрматов ұйытқы, жамағаты демеуші болды. Ашылу салтанатына аудан имамы Жорабай Дулатбаев қатысып құттықтап, ақсақалдар ақжол тіледі.

Турнирге “Нұғман”, “Өткелбай”, “Әл-Құддыс”, “Имам Бұхари”, “Әт-Тақуа”, “Асық ата”, “Нұр-Алла”, “Нұр-Жетісай” мешіттерінен 8 команда қатысты. Нәтижесінде:

І орын – “Имам Бұхари” мешіті;

ІІ орын – “Нұр-Жетісай” мешіті;

ІІІ орын – “Нұғман” мешітінің ойыншыларына бұйырды.

Орын алған командаларға алғыс хат, медаль, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Аудан имамы қатысушылардың бәріне ризашылығын білдірді.


Жетісай аудандық орталық мешіті

Пікір жазу