Жаңалықтар Жергілікті

АУДАНДА ЖАҢА ИМАМ…

Мақтаарал ауданына бас имам болып Нұржан Мұсабеков тағайындалды. Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов жаңа имамды жергілікті жамағатқа өзі таныстырды.

Нұржан Аманұлы – Нұрлытаң ауылының тумасы. Сарыағаш, Шымкент медресе-колледждерінде оқып, “Достық” университетін тәмамдаған.

2014-2021 жылдары “Құрсай”, “Нұртөбе”, “Абдул Әкім” мешіттерінде наиб имам болған. Бүгіннен бастап аудан имамы қызметіне кірісті.

Мақтааралда да үш жылда үшінші имам ауысып отыр. Имам деген мансап емес, жауапкершілігі жоғары әрі ауыр міндет екенін түсіну керек.

Облыс имамы Еркебұлан Ыбрайымұлы бұған дейін ауданы имамы болған Мансұр Аймұхаммедовке ризашылығын білдірді. Жаңадан тағайындалғанына сәттілік тіледі.

Мақтаарал аудандық орталық мешіті

Пікір жазу