Жаңалықтар Жергілікті

АУДАН ЖАҢА БОЛҒАНЫМЕН…

Сауран жаңа аудан болғанымен, ауыл молдалары сол баяғы. Мешіт құжаттары мен қызметкерлерінің бұйрығын ауыстыру керек.

Жалпы ауданда барлық бағыт бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуі тиіс. Имамының іске кіріскеніне жарты жылдан асса да, жылдық есепті бүтін тапсырады.

Сауран ауданына қарасты 37 мешіт имамының 24-і төралқа мәжілісіне қатысты. Есеп ұсынылған үлгіге сай жасалмағандықтан, бір апта ішінде толықтыруға жіберілді.

Биыл мұнда 7 мешіт күрделі жөндеуден өткен. Үш мешіт қайта салынып жатыр.

Ауыл имамдары қайырымдылық акциясын жиі өткізіп, шәкірт тәрбиелеумен үздіксіз айналысып келеді. Енді барлық ауылда “Әйел әдемі әдебімен” жобасымен қыз-келіншектерге арналған рухани сұхбат өтеді.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов имамдарға ризашылығын білдірді. Аудан имамы Талғат Сейдәлиевке тың тапсырмалар берді.

Сауран аудандық орталық мешіті

Пікір жазу