Жаңалықтар Жергілікті

ҚАТЫМҒА ҚАТЫСҚАН ҚЫЗДАРҒА…

Рамазан – Құран түскен қасиетті ай. Құран – Алланың кәләмы, мұсылманның баға жетпес байлығы.

Құран оқу, жаттау сауабы сарқылмас іс. Құран оқып, ғибратын санаға тоқып, Алланың әмірін орындайтын мұсылмандар екі дүниеде де бақыт пен жақсылыққа кенеледі.

Ораза басталғалы барлық мешіттерде Құран қатым етіліп келеді. Онлайн қатымға ДСАК шәкірттері де қатысып, күніне бірнеше мәрте Құранның отыз парасын қайталап толық оқып жатыр.

Түркістан облыстық мешітінің ұстазы Зүлфия Моллатілеуқызының бастамасымен шәкірттер Құран қатым етті. Қатым дұғасын қари Бахрам Динов қайырып берді.

Құран қатымға қатысқан қыздарға ұстаздың ұйымдастыруымен ауызашар берілді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, бақ-береке, тақуалық Берсін!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу