Жаңалықтар Жергілікті

АТТЕСТАТТАУДАН ӨТІП ЖАТЫР

Қазір бұрынғыдай емес, дін бұзатын дүмше молда жоқ. ҚМДБ талаптары жыл өткен сайын күшейтіліп, білім мен біліктілікке мән беріп келеді.

Имамдар мен ұстаздар жайдан-жай дін қызметіне қабылданбайды. Олардың ілімдері сараланып іріктеуден өтеді.

Бүгін Сайрамда өткен аттестаттауға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек, Созақ, Түлкібас, Төлеби аудандарының үміткерлері қатысты. Облыс бойынша 50 имам мен ұстаз ақида, фикһ, ҚР заңнамаларынан сынақ тапсырады деп күтілуде.

Сарыағашта өтетін аттестаттауға Қазығұрт, Келес, Шардара, Жетісай, Мақтаарал аудандарынан талапкерлер қатысады. ҚМДБ бөлім меңгерушілері сынақ барысын қадағалауда.

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу