25.2 C
Turkestan
Сенбі / 25 Мамыр 2019 / 20 Рамазан 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сенбі / 25 Мамыр 2019 / 20 Рамазан 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

АТК: Ұстаздарға білім қажет…

Жат ағымдардың жетегіне еруге жасөспірімдер бейім келеді. Жолдан адаспау үшін діни білім бәріне керек.

Радикалды топтар қоғамның дін танымайтын осал тұсын пайдаланады. Әсіресе оқытушы қауымға деструктивті ұстанымдағылардың түр-түсін тану өзекті мәселе болып тұр.

Мешітке келген баланың сеніміне ешкім селкеу түсіріп, жолдан тайдыра алмайды. Руханият ізденген балаға не мектепте, не мешітте ешнәрсе айта алмасақ, кім жүгінеді?Жасөспірімдердің радикалдық танымы әлеуметтік желіден солардың уағызшыларын тыңдаудан басталатынына мән берген жөн.

Бәйдібек ауданында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында АТК мүшелері теріс ағымдардың ықпалынан сақтандыру шараларын жүргізіп жатыр. Мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне, сондай-ақ олар сабақ беретін ұстаздардың білімі мен біліктілігін көтеру бағытында семинар-кеңестер өткізілді.

Ауданның бас имамы Ұлықбек Әлиакбарұлы жауапты мамандармен бірге Шаян көп салалы лицейінде танымдық сұхбаттар жүргізді. 10-11 сынып оқушыларымен ой бөлісіп, пікірлесті.


Бәйдібек аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Мешіт салына бастады

Yassi.kz

Насихатқа құлақ асып…

Yassi.kz

Тектілікке де тәжірибе керек

Yassi.kz

Пікір қалдыру