29 C
Turkestan
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

АТК: Қайтып жатыр…

Үй ішінен үй тікпей бір үмбет боп, бір мәзһабқа бағыну – Алла Тағаланың әмірін орындағанға жатады. Біздің мемлекет өзге де өркениетті елдер сияқты имам ағзам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанады. Осыны мойындаған да, осыған мойынсұнған да әркімнің өзі үшін игі болар еді.

Сайрам ауданында радикалдықпен күресті күшейтуге әкімдік бастап қолдау білдіріп отыр. Қоғам тыныштығын ойлаған әрбір азамат бұл істе мүдделі болуы керек.

Ауданның бас имамы Сейдахмет Темірбек, ЖАНТ мүшелері Акбаржан Аминов, Юлдашбек Абдукаримов деструктивті ағым жетегінде жүргендермен жеке кездесу өткізуді жалғастыруда. Он адаммен тұрақты жұмыстың нәтижесінде бесеуі райынан қайтты.

Айта кету керек, ұстанымнан адасқандар арасында әйелдер де бар. Олармен насихат-сұхбат жүргізіліп келеді.

Алла Тағала бүлікшілер мен екіжүзді өтірікшілерді сүймейді. Дін бүлікшілері екі есе ауыр жазаға тартылады.

Бүлік шығару – адамзатты өлтірумен тең күнә. Шалабүлінбес бұрын, Адам атадан бері қанша ұрпақ өткенін есептеп, Хақ Тағаладан қорқу – шын мұсылманның белгісі.

Сайрам аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Yassi.kz

ҚҰРАН БҰЛБҰЛДАРЫ…

Yassi.kz

ЖАНТ: ЕКПЕГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

Yassi.kz

Пікір қалдыру