Жаңалықтар Жергілікті

АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТІ…

Алла Тағала қасиетті Құранда Пайғамбарларға Өзі кімді қаласа жөнге салатынын айтқан. Сондықтан да “Дінде зорлық жоқ” деп ескертілген.

Баланың бәрі жарық дүниеге мұсылман болып келгенімен, оларды мұсылман немесе басқа ететін ата-анасы. Балаға имандылықты үйрету бір міндеті.

Ал, үміт күткен перзент тура жолдан адасса, тәрбиені тәрбиенің бұрыстығынан. Дін жаман емес, жақсылыққа жетелейтін ілім.

Дұрыс ұстай алғанға – қасиет, ұстана алмағанға қасірет. Бұл кім-көрінгеннен дін үйренетіндерге ескерту.

Деструктивті ағымдарға ергендер діннен дым білмегендіктен, адасқандарын айтады. Кей ата-аналар да балаларына сеніп, тіпті Сирияға еріп кете барған.

О жаққа барып, ес жиғанмен тым кеш болады. Уланған сананы түзеу – қиынның қиыны.

Қай тұрғыда болмасын ел мен дінге зиян шектірмей, тыныш жүретін жан жақсы. Ата-аналарды балаларға рухани тәрбие беріп, өткен-кеткен тарихын білетін, мықты маман, елге жанашыр етіп, ұлттық болмысты бойына дарытып, халық даналығы санасына сіңіріп өсіруге шақырамыз.

Сонда діннен де, дәстүрден де жерімейтін, елден де безбейтін, иманды, адал ұрпақ өрбиді. Рухани жаңғырудың мақсаты – ұлттық болмысты тірілту.

Келес ауданында ЖАНТ жұмыстары жалғасып, Ащыкөл және Бекбота ауылдарында жалпы үш кездесу өтті. Ауданның наиб имамы Өмірзақ Арыстанов жастар мен үлкендерді жат ағымдардан сақтандырып, жақсылыққа жетелейтін амалдар жайында насихат айтты.

Келес аудандық орталық мешіті

Пікір жазу