Жаңалықтар Жергілікті

АС ОРНЫНА ЖАРЫС…

Шүкіршілік, ат шаптырып көкпар, ас та төк дастархан жайып ас берудің орнына жарыстардың жарысын өткізетін игі жақсылар көбейіп келеді. “Мүсілім молда” мешітінде Құран сайысы өтті.

Пәкбала Айтбайқызын еске алуға ас орнына ұрпақтары Құран жарысына демеушілік етуді жөн көрді. Марқұмның рухына бағышталып Құран оқылып, дұға етілді.

Жарысқа 10 мешіттен 30 шәкірт қатысты. Үміткерлер Құранның 1 және жарты парасын жатқа оқудан сынға түсті.

Жарты пара бойынша:

1-орын: Жолшыбек Еркебұлан “Көктің ұлы” мешіті (50 000 т);

2-орын: Зияуддин Шарипов “Қыр” мешіті (30 000 т);

3-орын: Абдужалил Закиров “Ешан баба” мешіті (20 000 т)

1 пара бойынша

1-орын: Хузайфа Набижанов “Әкім ата” мешіті (60 000 т)

2-орын: Зайд Хакимов “Сары Үйсін” мешіті (40 000 т);

3-орын: Абдулбосит Эрматов “Аққорған” мешітінің (30 000 т) шәкірті иеленді.

Қатысушылардың барлығына ынталандыру ретінде 2000 теңгеден сыйақы берілді. Алла Тағала демеушілерге разы Болсын, марқұмға рақым Етсін!

Келес аудандық орталық мешіті

Пікір жазу