Жаңалықтар Жергілікті

Арыс: ЗИЯРАТ ЕТТІ

Түстіктегі жұртшылықта айт күндері алдымнен дүние салған марқұмдардың үйлеріне барып, Құран бағыштау үрдісі қалыптасқан. Айт намазынан шыққан ақсақалдар жиылып, айт батасын қайырып шығады.

Қариялар сиреген сайын, бұл да қалып барады. Шәйға шақырмасаңыз, айттап келмейтін жағдайға жеттік.

Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді Арыстағы жарылыс салдарынан қайтыс болған марқұмдардың артында қалған отбасыларын зиярат етті. Құран оқып, Алла Тағаладан жарылқау тіледі.

Адамдар туған-туысты болғандықтан, бір-бірін зиярат етуі тиіс. Рахманның бір разылығы хат-хабар алысып, қал-жағдай сұрасуда екенін ұмытпайық.

Арыс қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу