-1.6 C
Turkestan
Сәрсенбі / 20 Ақпан 2019 / 15 Жумад ас-сәни 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 20 Ақпан 2019 / 15 Жумад ас-сәни 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Арыс: Жақсылық қылсаң екі дүниеңе пайда…

Жүректің дүниенің емес, иманның ұясы болғаны əркімнің өзі үшін жақсы. Кім құлшылықта тұрақты болса, соның тіршілігі берекелі болады.

Кім бір жақсылық жасаса, оған еселеп қайыры қайтады. Бұл Алланың уəдесі. Ол уəдесінен айнымайды. Құран – Хақтың нақ сөзі.

“Аман Рысқұлұлы” мешітінде байырқұмдық жастармен жүздесу өтті. Арыс қаласының бас имамы Абдулкарим Абдулкамалұлы имандылық пен жақсылық тақырыбын қозғады.

Жақсылық жасау – сауабы сарқылмайтын екі дүниеміз үшін пайдалы амал. Иман – мұсылманның баға жетпес байлығы. Иманды адам жақсылыққа жақын жүруі тиіс.

Имансыздық пен жамандықтан сақтану парыз. “Саналыға иман – парыз” деп даналарымыз имандылыққа бекер үндемеген.

Бас имам жиылғандарға Алланың алдында адамның жастық шағын қалай өткізгені турасында сұралатынын ескертті. Бабалалар тілімен Аллаға жағам десең, азанды болу керек екенін айтты. Жастардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.

 

Арыс қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Шәкірттерді қызметке шақырды

Yassi.kz

Түркістан облысында аттестаттау басталды

Yassi.kz

Зекетін бөліп берді…

Yassi.kz

Пікір қалдыру