42.3 C
Turkestan
Жексенбі / 21 Шілде 2019 / 18 Зул-Қағда 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Жексенбі / 21 Шілде 2019 / 18 Зул-Қағда 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Арыс: ШЫМКЕНТТЕН ШАРАПАТ…

Арыстықтарға алғашқы боп қол ұшын созған мешіт имамдары болды. Еске салсақ, Шымкенттегі “Ақмешіт” арыстықтарға лық толған еді.

Төтенше жағдай жарияланған төрт күнде жамағат жұмылып жәрдемін аямай, мешіт имамдары аяқтарынан тік тұрып қызмет етті. Шымкенттіктер жылы-жұмсағын арыстықтардың аузына тосты.

Онымен шектеліп қалмай, Арыс қаласына ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі мен Жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен қайырымдылық керуені жіберілді. Шымкенттіктердің шарапаты бірқатар арыстықтарға тәп-тәуір демеу болды.

Азық-түлік пен басқа да қажетті заттар мұқтаждарға үлестірілді. Шапағатын тигізген шымкенттіктерге Алла Тағала разы болсын!

Арыс қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ҚҰДЫҚ ҚАЗУДЫҢ САУАБЫН АЛАТЫН АДАМ КЕРЕК…

Yassi.kz

БІР ШЕГЕСІН ҚАҚСАҢЫЗ ДА…

Yassi.kz

Арыс: САРЫАҒАШТЫҚТАРДЫҢ СЕПТІГІ (ЕСЕП)

Yassi.kz

Пікір қалдыру