2.6 C
Turkestan
Жексенбі / 20 Қаңтар 2019 / 14 Джумада әл-әууәл 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Жексенбі / 20 Қаңтар 2019 / 14 Джумада әл-әууәл 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Арыс имамдары жылдық жоспарды бекітті

Бір жылдық жоспарды пысықтауға қала, ауыл имамдары жиналып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын басында қаланың бас имамы Абдулкарим Абдулкамал өткен жылы атқарған жұмыстарға атсалысқан мешіт имамдары мен қызметкерлеріне алғыс айтты.

Имамдардан жергілікті телеарнаға уағыз айтуға 5 имам іріктелді. Уағыз тақырыптары мен уақыты кестеге сай жүргізіледі.

Сонымен қатар орталық «Ысқақ» мешітінің жанынан арнайы ЖАНТ мүшелері ұсынылып, оған 5 білімді имам бекітілді.

Имамдар әр ай сайын есептік жиын өткізуге келісті. Тəжірибе алмасу үшін семинарды әр ауылда өткізу, өкілдіктен барынша бір маманды қатыстыруға ықпал жасау жоспарланды.

Жиын соңында бас имам 2019 жыл “жастар жылы” екенін айта келе, осы бағыт бойынша жастармен тығыз байланыста болып, әр түрлі тақырыптарды қамтып, кездесулер өткізуді қолға алу керек екенін тілге тиек етті.

Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Қазақстандық делегация Мысырда

Yassi.kz

Спорт – діни экстремизмге қарсы

Yassi.kz

Жеті жақсылық жалғасын тапты

Yassi.kz

Пікір қалдыру