Жаңалықтар Жергілікті

Арман Қуанышбаев жастармен жүздесті

Кентаулық жастар дінтанушы-ұстаз Арман Қуанышбаевпен жүздесті. Көкейкесті сұрақтарына шариғат тұрғысынан тұщымды жауап алды.

Белсенді жастарға қоғамның дертіне айналған деструктивті ағымдардың жетегінде кетпеу жайы кеңінен айтылды.

Кентау шағын қала. Діни ахуалы тұрақты. Жат ағымдағылар төбе көрсете бермейді. Десе де бұл тоқмейілсіп жүруге келмейтін мəселе. Əсіресе жастарды діннен адасудан сақтандыру қажет. Кездесудің мақсаты да осы тақырыпты терең түсіндіру еді.

Жастармен жүздесу қызықты өтті. Рухани əңгімеге шөліркеп қалған екен. Ұстазды ұйып тыңдады. Жиын соңында елге танымал жерлес ұстаздарына алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, Арман Қуанышбаев жуырда ашылған Балаби қари құран жаттау орталығының директоры боп тағайындалған. Құранға қызығатын жастардың қатары артып келеді. Орталыққа шəкірттер қабылдау жалғасып жатыр. Сондай-ақ, сауат ашу курстары да жыл он екі ай жұмыс істейді

.

Кентау орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу