Жаңалықтар Жергілікті

ҚАРИЯНЫ ҚУАНТЫП ҚАЙТТЫ

Бүгінгі ұрпақ зейнетін көрсін деп бейбітшілік үшін жан аямай бейнет кешкен ардагерлерді қалай құрметтесек те жарасады. Олардың ерен еңбегі шаһидтік дәрежеде елеулі екенін еске саламыз.

Шариғат тек соғыс ардагерлерін емес, жалпы қарияларды құрметтеуге шақырады. Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у:«Ақ шашты, ақ сақалды мұсылман қарияны ізет тұту – Алланы ұлықтаудың бір түрі»,– деген.

Түркістан облысында ақсақалдарды ардақтау айлығы жүріп жатыр. Игі бастама Арыс қаласында да жалғасын тапты.

Соғыс ардагері Қасымбек Кенжебековты қалалық орталық мешіттің іс-басқарушысы Шырынбек Нұрымов пен жастар ісі бөлімінің жетекшісі Қанат Садыбаев зиярат етті. Қария аз-кем отырып, майдан даласындағы естеліктерді әңгімелеп берді.

Қатарының сиреп қалғанын айтып ақсақал терең күрсінді. Имамдар қарияның өміріне береке тілеп, сый-сияпат жасап қайтты.

Алла Тағала Қасымбек атайға амандығын Берсін! Баршаңызды үлкендерді құрметтеуге үндейміз.

Арыс қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу