Жаңалықтар Жергілікті

АРДАГЕРЛЕРМЕН АРАДА…

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов арыстық ардагерлермен арада діни ахуал мен рухани тәрбие жайын сөз етті. Жиналысқа қала әкімінің орынбасары Ербол Ақтаев та қатысты.

Сұхбат барысында үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету, адамгершіліктен аттамау, мейірімді болу, ағайын-туыс, дос-бауыр, жалпы жұртшылық арасындағы қайырлы қарым-қатынастар, қазақи болмыс айтылды. Сондай-ақ, дін насихаты, имандылық пен тақуалық, жат ағымдардан сақтану тақырыптары да қамтылды.

Ақсақалдар Ауғанстандағы қандастарға алаңдаушылық білдірді. Облыс имамы жақсы ой мен дұғада болуға шақырды.

Еркебұлан Қарақұлов елге игілікті ҚМДБ бастамаларын жеткізді. Ардагерлер көмек беруге ілтипат білдірді.

Бұл облыс имамының Арыс қаласына алғашқы ресми іс-сапары. Ардагерлермен кездесу қалалық әкімдік пен арнайы орталықта өтті.

Арыс қалалық орталық мешіті

Пікір жазу