Жаңалықтар Жергілікті

ҚАРАТАУ КҮЛМЕЙДІ…

Кеңестік кер заманда созақтық бір бастық Шымкентте өтетін жиналысқа кешігіп келіпті. Сөйтіп оқушы бала сияқты ішке кіруге рұқсат сұраса, жиналғандар күліп жіберіпті.

Сонда әлгі кісі: “Сендерге күлкілі, ал, Қаратау күлмейді” деген екен. Сол жиналысқа Жаңатас арқылы айналып әзер жеткен көрінеді.

Теріскейде қыс қытымыр. Арыстандыны қара басқандан, Одаман бұлақты қар басады.

Қыс қаһарына мінгенде ол асудан өту қиын болады. Созаққа барсаңыз, Құдайы қонақ боп қалуыңыз бек мүмкін.

Құдайы қонақ – Құдайдың сыйы. Қонақпен бірге құт келеді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у ақыретке иман келтіргендерге мейманын сыйлауға бұйырған. Ал, қазақ үшін Құдайы қонақтың орны бөлек.

Құдайы қонақты құдасынан артық құрметтеген. Аса зор ілтипатпен күтіп алып, шығарып салған.

Шолаққорған орталық мешітінің жанынан да шын мүсәпірге арналған жолаушылар бөлмесі ашылды. Кереует, теледидар, кітап сөресі, тоңазытқышпен жабдықталды.

Аудан имамы Мейрамбек Абдіқұлов жолда қалғандарға жағдай жасағандарға ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, жолаушылардың сапарларын сәтті Етсін!

Созақ аудандық орталық мешіті

Пікір жазу