Жаңалықтар Жергілікті

АППАРАТ АЛЫП, АУРУҒА АРАША БОЛАЙЫҚ!

Кең дүниеде ауа жетпей, тыныстың тартылғаны бір қасірет. Еркін тыныстай алмай деміккенде шыбын жаның көзіңе көрінеді.

Дәл қазір өкпесі ісініп, тыныс алу жолдары қысылып, дұрыстап дем ала алмай жатқан қаншама адам бар. Оларға оттегі қажет.

Науқастар саны күрт өскендіктен аппарат тапшылық етіп қалды. Оттегі баллондары мен дәрі-дәрмекке сұраныс артты.

Алла Тағала бір-біріне бауырмалдық пен мейірімділік танытатын құлдарын жақсы көреді. Қасиетті Құранда: “… Кімде-кім бір адамды өлімнен құтқарса, барлық адамды құтқарғанмен тең болады деп үкім еттік”,- деген.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у: Мұсылмандар өзара сүйіспеншілік, бір-біріне деген мейірім және ізет-құрметі бойынша бір тән тәрізді, оның бір мүшесі ауырса ағзаның қалған бөлігінің ыстығы көтеріліп һәм ұйқысыздық арқылы үндеседі” деген. Қазіргі қалпымыз хадисте айтқандай болып тұрғаны қуантады.

Жұрттың бәрі өзі ауырғандай ауырып, ауырып қалғандардың қайғысын бөлісіп жатқан жайы бар. Ел болып күресіп, жұдырықтай жұмылсақ, талай жанды жалмаған дертті жеңетінімізге сенеміз.

ИВЛ аппараттарын алуға жалпақ жұрт жылу жиып жатыр. Еріктілердің көмегімен шет елден тасымалдануда.

Қазір ИВЛ аппаратымен қатар оттегі баллондары да аса қажет. Көпшіліктен көмек беріп, сауапты іске атсалысуларын сұраймыз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у садақадан апаттың аса алмайтынын, Алла Тағаланың ашуын басатынын, бәленің бетін қайтаратынын, аурудан айықтыратынын айтқан. ҚМДБ бастамасымен “Өзгеге үміт сыйла” акциясына үлес қосайық!

Түркістан облысы бойынша “Зекет” КҚ өкілінің реквизиттері төмендегідей:

Каспий голд:
5169 4971 2102 0030

ЖСН :781211302126

Байланыс нөмірі:

+77021575428

Полатов Еркин Тургынович

KZ41722C000026273324

 

Рахман Иеміз қол ұшын созған жандарға берекесін Берсін, садақаларын қабыл Етсін!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу